Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық мектеп оқушылары робототехника бойынша екі британдық олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі.
«Қазақстандық оқушылар бірден «FIRST Tech Challenge UK and Ireland» екі британдық маусымаралық олимпиадасында жеңіске жетті. Бұл жеңістер оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді. Оқушыларымыз 20 ойынның 19-ында рекордтық ұпаймен жеңіске жетті және қазылар алқасының 3 номинациясын ұтып алып, жарыстың рекордын орнатты», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарламада.
Команда сапында 15-17 жас аралығындағы 12 оқушы қатысты.
«Сонымен қатар FIRST бағдарламасының жеке қорында 80 млн доллар стипендиясы бар және робототехника чемпионатының жеңімпаздары әлемнің жетекші университеттеріне, соның ішінде MIT, Yale және басқа да үздік университеттерге тегін оқуға өтініш бере алады, – деді USTEM Robotics Қазақстандағы және Орталық Азиядағы робототехника дамыту қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.
Қазақстандық оқушылар бір айға жуық уақытын өз мектептерінің зертханаларында өткізіп, роботтарын құрастыруға арнады. Жас өнертапқыштар робот бөлшектерін өздері модельдеді, содан кейін мектеп шеберханаларындағы 3D принтер мен лазерлік машиналарда жобаларын жүзеге асырды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34