Астана. 13 қазан. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстанда бір отбасы оқушыларға оқулықтар сатып алуға Т25 мың жаратады, деді ҚР парламент мәжілісінің депутаты Гүлнар Иқсанова.
«Ата аналар балаларына оқулыққа Т25 мың жаратуға мәжбүр. Ол үшін де олар бос уақыттарында кезекте тұрулары керек», - деді Г. Иқсанова дүйсенбі күнгі үкімет сағатында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, оқушылардың оқулықтарының тапшылығы жыл сайын жалғасуда.
Оқу жылы аяқталғанда оқушылар келесі жылы қандай оқулықтармен оқитынын білмейді. Ата-аналар жаз бойына оқулықтар тізімін күтумен болады, ал ол тізім оқу аяқталған соң емес, келесі оқу жылы басталар кезде ғана беріледі. Тек мектеп қорында ғана оқулықтар тапшылығы байқалмайды, сонымен қатар коммерциялық негізде сатылатын оқулықтар тапшылығы да бар. Кейбір ата-аналар, оқулықтардың арзанқол ксерокөшірмесін сатып алуға мәжбүр. Қандай санитарлық нормалар туралы айтуға болады?», - деп сұрады Г. Иқсанова.
Оның пікірінше, білім және ғылым министрлігі оқулықпен қамтамасыз ету буындарының қай жерінде түйткіл барлығын талдап, кешенді ұйымдастырушылық-экономикалық шаралар қабылдауы керек.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада оқыс жағдайда бұл тұрғындарға бас сауғалайтын жерасты метросын салуды ұсынды29 Қыркүйек 2023, 17:47
-
"C5 + Германия" диалогы елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді- Тоқаев29 Қыркүйек 2023, 17:26
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтілуде29 Қыркүйек 2023, 17:11
-
Тоқаев Берлинде Германия президентімен кездесті29 Қыркүйек 2023, 15:41
-
Қазақста билігі алматылық апортты географиялық көрсеткіш ретінде тіркеуге дайындалуда29 Қыркүйек 2023, 15:40