Қазақстандық РФ-ға аңшы мылтығының оқтарын алып өтпек болған

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ - Қазақстандық РФ-ға аңшы мылтығының оқтарын алып өтпек болған, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінен.
«Кеше Қостанай шекара жасағының учаскесінде «Қайрақ» өткізу пунктінде ҚР 1957 ж.т. азаматы ұсталды. Ол тиісті рұқсат қағазы жоқ аңшы мылтығының оқтарын ҚР-дан РФ-ға алып өтпек болған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Шекара қызметінің ақпарынша, оқтарды көлікті тексеру кезінде құрал-жабдықтар қорабынан тапқан.
«Ұсталған азамат Қарабалық ауданының АПБ қызметкерлеріне берілді», - делінген хабарда.

adimage