Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев ү.ж. 10 қарашасында Анкарада БҰҰ ФАО-ның (БҰҰ ауыл шаруалышығы және азық-түлік жөніндегі ұйымы) Орталық Азия елдері бойынша субөңірлік үйлестірушісі Юрико Шожимен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ сайты.
Сайтта жарияланған хабарда атап көрсетілгендей, сұхбат барысында тараптар өңірлік деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауылшаруашылықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ю.Шожи ханым БҰҰ ФАО мен Қазақстан өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тығыз байланыста екенін атап өтті. Ол Қазақстан аграрийлерінің нан өндірісіне қосып жатқан үлесінің коммерциялық ортада, және БҰҰ институттарының гуманитарлық іс-әрекеттерінде де едәуір екендігін мәлімдеді.
Өз кезегінде Ж.Түймебаев сұхбаттасын жаңа қызметке тағайындалуына орай құттықтай отырып, ФАО-ның жұмысын жоғары бағалады, және Ю. Шожидің келуімен ФАО субөңірлік өкілдігі Қазақстанмен ынтымақтастығын қоса алғанда, өз жұмысының бұрынғы қарқынын сақтайтынына сенімін білдірді.
Кездесу барысында Ю. Шожи 2014-2017 жылдарға арналған Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастық туралы бағдарламаның жобасын және БҰҰ ФАО мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп ұйымдастыруымен 2014 жылғы 19-21 қарашада Римде өтетін Тамақтану жөніндегі екінші халықаралық конференцияға Қазақстанның өкілдеріне арналған шақыруды табыс етті.
Кездесудің қорытындылары бойынша, тараптар Қазақстан мен БҰҰ ФАО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосуға келісті.
ФАО Қазақстан Үкіметімен тығыз байланыста, ал Қазақстан 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынуында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін бірінші орынға шығарды.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50