Қазақстандық Роман Василенков Ресейде велоспорттан Гран-приде «қола» жеңіп алды

Күні: 16:21, 29-05-2019.

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстандық Роман Василенков Ресейде велоспорттан Гран-приде «қола» жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Бұл күндері Ресейдің Тула қаласында тректегі велоспорттан Гран-при кезеңі өтуде. Аталған сында қазақстандық спортшылар тағы бір медаль еншіледі. "Омниум" бойынша сынға түскен Роман Василенков турнирдің күміс жүлдегері атанды. Оның қоржынында 108 ұпай бар. Бұл бәсекеде Еуропа чемпионатының жүлдегері Максим Пискунов 121 ұпаймен жеңіске жетті. Ал үшінші орынға грекиялық Христос Воликакис жайғасқан», - деп хабарлады бейсенбіде ҰОК-нен.
Комитетте нақтылағандай, жарыстың алғашқы күнінде Артем Захаров, Сергей Пономарев, Рината Сұлтанова, Александр Сафаров пен Темирхан Сиязбеков жеңіс тұғырына көтерілген болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: