Алматы. 3 мамыр. ҚазТАГ – «Сбербанк России» АҚ еншілес банкі жұма күні Т10,4997 млрд сома көлемінде дивидент төлеуді бастады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен.
«2018 жылға жай акциялар бойынша дивидент төленеді. Дивидент көлемін бір жай акцияға есептеу көлемі – Т817,81 (салықты қоса алғанда) болып бекітілді», - делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында орналасқан 26 сәуірдегі акционерлердің кезектен тыс жалпы
жиналысының шешімдерінде.
«Сбербанк» (Қазақстан) акционері – «Сбербанк России» (Мәскеу) ҚАҚ акциялардың 100% ие - – 12 838 826 акцияларға. Ослайша Ресей «Сбербанкі» дивиденттері ТТ10,49972 құрайды.
Құжатта көрсетілгендей, дивиденттерді төлеу күні – 3 мамыр 2019 жыл.
Ал Т23,893 млрд көлеміндегі резервтік капиталы резервтік капитал шотында бөлусіз қалдырылады.
Қазақстандық «Сбербанк» Ресей «Сбербанкіне» 2018 жылға Т10,5 млрд дивидент төлейді
