Қазақстандық семсершілер Иорданиядағы Азия чемпионатында «күміс» иеленді

Күні: 18:45, 11-03-2019.

Алматы. 11 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандық семсершілер Иорданиядағы Азия чемпионатында «күміс» иеленді, деп хабарлады Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
«Амман қаласында (Иордания) жасөспірімдер мен кадеттер арасында Азия чемпионы өтті, нәтижесінде қазақстандық семсершілер командалық есепте екінші орын алды… Финалда ҚР ұлттық құрамасына Қытай құрамасы қарсы тұрды, негізгі уақытта олар тең түсті. Ережеге сәйкес, қытайлық құрамада болған «басымдық» ойнатылып, соның арқасында біздің құрама, өкінішке орай финалда - 32:33 есебімен жеңілді», - делінген хабарда.
Үшінші орынды, басқарма ақпары бойынша, Корея мен Жапония құрамалары бөлісті.


Жаңалықтармен бөлісу: