Қазақстандық сенат комитет басшысының қызметіне Назарбаеваның мұрагерін таңдады

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан парламентінің сенаты бұған дейін Дариға Назарбаева басқарған халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысын тағайындады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы ретінде Мұхтар Құл-Мұхаммедті таңдауды ұсынамын. Ол белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, сондай-ақ аса жауапты қызметтерді атқарған. Ол - тәжірибелі, білікті депутат. Мен сіздердің барлығыңыз менің ұсынысымды қолдайды деп ойлаймын», - деді сенат спикері Назарбаева бейсенбідегі алқа отырысында.
Сенаторлар палата басшысының ұсынысын қолдады.
Құл-Мұхаммед 2018 жылдың ақпанынан бері сенатор болып келеді. Оған дейін 2016 жылдың мамырынан бастап 2018 жылдың ақпанына дейін «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары, ал 2015 жылдың мамыры мен 2016 жылдың мамыры аралығында президенттің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

adimage