Қазақстандық сенатор бас бостандығынан айыру мекемелеріне жаппай бейнебақылау орнатуды ұсынды

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан парламенті сенатының депутаты Владимир Волков бас бостандығынан айыру мекемелеріне жаппай бейнебақылау орнатуды ұсынды.
«Ол мекемелерге жаппай бейнебақылау орнату, алдымен сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ тәртіп бұзушылық пен қылмыстырдың алдын алу мен болдыртпауға, соның ішінде лауазымды тұлғалар тарапынан орын алуына жол бермеуге бағытталып отыр», - деді Волков бейсенбідегі сенат отырысында.
Ол атап өткендей, бүгінгі күні түзету мекемелерінің бейнекамералармен қамтылуы 30% құрап отыр.

adimage