Қазақстандық сейсмология институты мен СТӘЭ мемлекетке сыйлауға рұқсат етілді

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – «Сейсмология институты» ЖШС және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» (СТӘЭ) ЖШС мемлекетке сыйлауға рұқсат етілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Цифрлық техника және технология институты» АҚ-ның жеке меншіктен республикалық меншікке «Сейсмология институты» ЖШС қатысу үлесінің 100%-ын және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС қатысу үлесінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша ұсынысы қабылдансын», - делінген үкіметтің қаулысында.
Сонымен қатар, екі ЖШС қатысуының мемлекеттік үлесін иемдену және қолдану құқығын беруді қамтамасыз ету Қазақстанның ғылым және білім министрлігінің ғылым комитетіне тапсырылған.
Еске салсақ, Қазақстандық сейсмология институты мен СТӘЭ республикалық меншікке беру жоспары туралы ҚазТАГ ХАА 29 қаңтарда хабарлаған еді.

adimage