Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық Аяна Жолдас шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогінің жалпы есебінде үшінші орын алды, деп хабарлады Olympic.kz. сайтынан.
«Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен соңғы кезеңде қазақстандық спортшы жарыс жолына шыққан жоқ. Десе де, 484 ұпаймен жалпы есептегі үшінші орнын сақтап қалды. Жолдастың активінде 484 балл бар», - делінген хабарда.
Хабарда көрсетілгендей, Еуропа кубогінің қорытындысы бойынша 966 ұпай жинаған белоруссиялық Снежана Дребенкова көш басында тұр. 19 жастағы спортшы қарсыластарынан қара үзіп кетті. Екінші сатыда оның тағы бір отандасы Яна Ярмошевич.
Қазақстандық шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогінде 3-орын алды
