Қазақстандық шаңғышы Полторанин Альпі кубогінде алтын медаль иемденді

Күні: 11:01, 11-02-2019.

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Альпі кубогінде алтын медаль иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Шаңғы жарысынан ұлттық құрама көшбасшысы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан Альпі Кубогінде алтын медаль иеленді. Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысуда жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 36:31.0. Екінші орында эстониялық Карел Таммъяров (37:17.9), үшінші сатыда польшалық Доминик Бура (37:40.8)», - делінген жексенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жарысқа жалпы есебі 70 спортшы қатысты.
Айта кетелік, Альпі Кубогі FIS ұйымдастыратын турнирлер қатарына жатады.
Еске салсақ, А.Полторанин Қазақстанды Олимпиада ойындарында үш рет танытты, Әлем Чемпионатына қатысты. 2011 жылы төрт алтын және бір қола медаль иемденді. Осылайша Қысқы Азия ойындарының атақты атлеті атанды.


Жаңалықтармен бөлісу: