Қазақстандық шекарашылар қазақ-өзбек шекара бойында жасырылған, жалпы салмағы 7 тонна болатын спирт өнімдерін тапты

Күні: 11:01, 23-10-2014.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандық шекарашылар қазақ-өзбек шекара бойында жасырылған, жалпы салмағы 7 тонна болатын спирт өнімдерін тапты, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
Еліміздің оңтүстігіндегі қазақ-өзбек шекарасында орналасқан Қызылорда шекара отрядына қарасты «Шопанқазған» заставасының наряды шекара бойына жасырылған спирт өнімдерін тапты.  
Бір жарым литрлік шөлмекке құйылған спирт өнімдері 200 дана қапшыққа салыныпты, әрқайсысында 25 дана шөлмектен болып шықты.  
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылып, жедел-іздестіру шаралары атқарылуда.


Жаңалықтармен бөлісу: