Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – Каспийде теңіз шекарашылары салмағы шамамен 900 кг болатын бекіре және частик тұқымдас балықтарын тапты, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Өткен демалыс күндері шекарашылар «ҚР ҰҚК ШҚ «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының «Сақшы», «Орал», «Алматы» шекара кемелері және «Қарлығаш» шекара қайығымен Каспийде 31000 м – балық аулау жабдығын, 25 м ау, 15500 дана қармақ тапты және 900 кг жуық балықты құтқарып қалды. Мемлекетке келтірілетін 195 741 130 теңге шығынның алды алынды», - делінген хабарда
Қазақстандық шекарашылар Каспийде салмағы шамамен 900 кг бекіре және частик тұқымдас балықтар бар ау тапты
