Қазақстандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығарылды

Күні: 18:33, 07-02-2019.

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығарылды, деп хабарлады қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Семей машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр табанды тасымалдағыш көлікті экспортқа шығара бастады. Аталмыш техникалардың 4 данасы Ресейге жөнелтілді», - делінген бейсенбідегі ведомство хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, «Семей машина жасау зауыты» бүгінде ТМД аумағында осындай техникаларды шығаратын бірден бір кәсіпорын болып табылады.
«Қазір кәсіпорын шығаратын техникаларда қазақстандық өнімнің үлес салмағы өте жоғары және олар барлық талаптарға сай, сондай-ақ өздерінің сипаттамалары бойынша шетелдік өнімдерден еш қалыспайды», - деді зауыттың бас директоры Нұрлан Омаров.
Шынжыр табанды тасымалдағыш көлік жолдағы кедергілерден өтімділігі жоғары, жылдам жүре және жүзе алатын, жүк таситын, алдыңғы доңғалақтары тартқыш машина болып табылады.
«Бұл көліктер өте қолайсыз климаттық жағдайларда (ұйық батпақты, қарлы, орманды, таулы және шөлейт аймақтарда) қоршаған ортаның температурасы от + 60 градустан – 70 градусқа дейін жететін жерлерде пайдалануға арналған.


Жаңалықтармен бөлісу: