Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандық әскери қызметшілер Ұлыбританияда арнайы мақсаттағы күштердің «Кембрий патрулі» жаттығуларына қатысуда, деп хабарлады ҚР Қорканыс министрлігінен.
Хабарда айтылғандай, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Лондонда Ұлыбритания Қарулы Күштері Қорғаныс штабының бастығы генерал Николас Хаутонмен кездесті.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары шеңберінде өткен кездесу барысында әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Ынтымақтастықтың басым бағыттары қатарында әскери білім, әскери ғылымды дамыту, қарулы күштерді кәсібилендіру, киберқауіпсіздік саласындағы тәжірибе алмасулар аталып өтілді.
Бітімгерлік даярлық саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты генерал-полковник С. Жасұзақов британия тарапына «Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығуын өткізуге жәрдемдескені және оған тұрақты түрде қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді. Биыл аталған далалық оқу-жаттығу Қазақстаннан тыс жерде, Германияның «Хоэнфелс» оқу орталығында өткізілді.
С. Жасұзақов сапар шеңберінде арнайы мақсаттағы күштердің «Кембрий патрулі» халықаралық оқу-жаттығуына барды.
160-шы Уэль бригадасының базасында өтіп жатқан жаттығуға қазақстандық әскери қызметшілер де қатысуда.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада аялдама әйнегі қарт адамдардың үстіне құлады4 Желтоқсан 2023, 18:32
-
Алматыда өрттен бір отбасы құтқарылды4 Желтоқсан 2023, 18:11
-
Назарбаев Путинге өз мемуарының авторлық нұсқасын сыйға берді4 Желтоқсан 2023, 17:48
-
Отбасында тек еркектің үстемдік етуі өткен уақытта қалуы керек – Қошанов4 Желтоқсан 2023, 17:36
-
Астанада өртенген көліктін жүргізушісі ауруханаға жатқызылды4 Желтоқсан 2023, 15:35