Қазақстандық әскери қызметшілер Оңтүстік Кореяда өтетін Бүкіләлемдік армия ойындарына қатысады

Күні: 17:01, 28-09-2015.

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстандық әскери қызметшілер Оңтүстік Кореяда өтетін Бүкіләлемдік армия ойындарына қатысуға дайындалу үстінде, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары оқу-жаттықтыру орталықтарында 2015 жылғы қазанның 1-і мен 11-і аралығында өтетін 6-шы жазғы Бүкіләлемдік армия ойындарына (СИЗМ Армия спортының дүниежүзілік кеңесі) дайындықты жалғастыруда», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай, Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын АОСК-ның 60-қа жуық спортшысы қорғайтын болады.
Олардың арасында көптеген танымал спортшылар бар. Олар: Алматы қаласында өткен 2014 жылғы бокстан 55-ші әлем чемпионатының чемпионы қатардағы жауынгер Елдос Сарқұлов, грек-рим күресінен әлем чемпионы қатардағы жауынгер Бағлан Жақанша және басқалары.

Барлығы 6-шы Дүниежүзілік армия ойындарына әлемнің 120 елінен бас қосқан 8,5 мың өкіл қатысады.  Армия спортшылары спорттың 10 түрінен, яғни, еркін күрес, спорттық бағдарлау, дзюдо, жүзу, грек-рим күресі, оқ ату, әскери бессайыс, таэквондо, жеңіл атлетика, бокстан өнер көрсетеді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, әскери қызметшілер арасындағы бесінші жазғы Бүкіләлемдік армия ойындары 2011 жылы Рио-де-Жанейрода өтті. Оған спорттың келесі түрінен (баскетбол, бокс, дзюдо, жеңіл атлетика, парашюттік спорт, жүзу, таэквондо, триатлон) 52 спортшыдан құралған Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы да қатысты.


Жаңалықтармен бөлісу: