Қазақстандық әскерилер Түркиядағы әскери оқу-жаттығуға қатысты

Күні: 17:42, 25-02-2019.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстандық әскерилер Түркиядағы әскери оқу-жаттығуға қатысты, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов Түрік Республикасының Карс провинциясында өтіп жатқан «Қыш – 2019» бірлескен көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығудың шешуші кезеңінің белсенді фазасына қатысты», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ведомствода атап өтілгендей, шешуші кезеңде Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері оқу-жаттығудың ниетіне сәйкес іс жүзінде армиялық авиацияның атыспен қолдауы кезінде әуе десанттарын қолдана отырып, елді мекенде және таулы жағдайларда арнайы операцияны өткізу бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
«Қыш – 2019» бірлескен көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша қойылған тапсырмалар сәтті орындалды, оқу-жаттығудың мақсатына қол жеткізілді. «Қыш – 2019» оқу-жаттығуының маневрлеріне қатысқан ҚР Қарулы Күштерінің бөлімшелері ұдайы орналасу пункттеріне оралып жатқанын айта кету қажет», - деді қорғаныс министрлігінен.


Жаңалықтармен бөлісу: