Қазақстандық спортшы нысана көздеу турнирінде екінші орын иеленді

Күні: 10:03, 11-02-2019.

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – 10 ақпанда Кувейтте стенд ату мен нысана көздеу спортынан ірі халықаралық турнирде қазақстандық спортшы екінші орынды иеленді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық спортшы Виолетта Старостина пневматикалық винтовкамен (10 метр) атуда екінші нәтижені көрсетті. Ал финалға дейінгі іріктеу кезеңінде ол үшінші орыннан көрінген еді. Сөәтіп ол турнирдің күміс жүлдегері атанды», - делінген жексенбідегі хабарда.
Бірінші орынды сербиялық Андреа Арсовия, үшінші орынды бахрейндік Сара Алдосари иеленді.


Жаңалықтармен бөлісу: