Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль иемденді

Алматы. 19 қараша. ҚазТАГ – Қазақстандық спортшы Олжас Оразалыұлы парадзюдо бойынша әлем чемпионатында алтын медаль иемденді, деп хабарлады «Спортты дамыту дирекциясы» РМКК хабарында.
«Қазақстан тұңғыш рет парадзюда бойыша әлем чемпонатында алтын иемденді. Жоғары дәрежедегі медальді Олжас Оразалыұлы алды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Бұл ретте атап өтілгендей, О.Оразалыұлы 60 кг салмақта шыққан және 18 жасында бес рет жеңіске жетіп әлем чемпионы болған.
«Байрақты бәсекеде спортшымыз Испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Гараевтан басым түсіп, финалда Алжир спортшысы Ишак  Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды», - делінген баспасөз парақшасында.
Хабарда атап өтілгендей,  біріншілік 16-18 қарашасы аралығында Португалиядағы Одивелаш қаласында өтті. Қазақстан бір алтын медальмен жалпы командалық есепте 10 орынға шықты.  Чемпионатқа әлемнің 4 елінен 267 дзюдошы қатысқан. Қазақстаннан 7 дзюдошы қатысты.  


adimage