Қазақстандық спортшы таэквондадан алтын медаль иемденіп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Күні: 12:46, 08-02-2019.

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстандық спортшы Нұрлан Домбай Анталияда (Түркия) таэквондадан алтын медаль иемденіп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлады Facebook парақшасында Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитетінен. 
«5-6 ақпан аралығында Түркияның Анталия қаласында таэквондадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 76 кг салмаққа дейінгі санатта Нұрлан Домбай (к44) алтын медаль иемденіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды», - делінген хабарда.
Комитет ақпарынша, Павлодар облысының өкілі Карэн Овсепян әлем чемпионатының қола медалін иемденді.


Жаңалықтармен бөлісу: