Қазақстандық судьяны Парижде өтетін жазғы Олимпиада -2024 ойындарына шақырды

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстандық судья Алуа Бектурованы Парижде өтетін жазғы Олимпиада-2024 ойындарына шақырды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық судья Алуа Бектурова Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада-2024 ойындарына шақырту алды», - делінген хабарда.
Ол көркем гимнастика жарыстарына төрелік етеді.
Бектурова биыл төреші ретінде Валенсиядағы (Испания) әлем чемпионатына қатысқан еді.

adimage