Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – 12-13 қараша күндері Қазақстанда «Азаматтық қорғау басқарма органдары мен мемлекеттік жүйе күштерін қысқы мезгіл жағдайындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-әрекеттерге даярлау» тақырыбы бойынша «Қыс-2014» атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
«Мемлекеттік табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жою жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқарма органдарын, күштер мен бірліктерді даярлау мақсатында 12-13 қараша күндері бойынша «Қыс-2014» атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Оқу-жаттығудың басшылық штабы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында орналастырылады ҚР ішкі істер министрiнiң орынбасары Владимир Божко оқу-жаттығудың басшысы болып табылады.
Солтүстiк Қазақстан облысында оқу-жаттығудың басшысы облыс әкiмiнiң орынбасары Бубенко Владимир, басшының орынбасары СҚО ТЖ департаментiнiң бастығы өртке қарсы қызмет полковнигi Филиппов Павел болып табылады.
Облыс аумағындағы оқу-жаттығуға жергiлiктi атқарушы органдардан — әкiмдiктер, АҚ құрылымдары, облыстың авариялық-құтқару қызметтерi, Азаматтық қорғау қызметтерi; ҚР IIМ ТЖК аумақтық органдарынан — Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi және оның құрылымдық бөлiмшелерi тартылады.
Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша Азаматтық қорғау мемлекеттiк жүйесiнiң облыстық кiшi жүйесiнiң қыс маусымы жағдайында ықтимал ТЖ салдарларын жоюға дайындығы бағаланады.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды8 Маусым 2023, 19:33
-
Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды8 Маусым 2023, 19:27
-
Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді8 Маусым 2023, 19:23
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03