Қазақстандық төлқұжатты рәсімдеу бірқатар көрші елдерге қарағанда бірнеше есе қымбат болып шықты

Күні: 18:16, 31-07-2019.

Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстандық төлқұжатты рәсімдеу бірқатар көрші елдерге қарағанда бірнеше есе қымбат болып шықты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Ресми ақпар бойынша, Қазақстанда шетелдік төлқұжат алу үшін 8 АЕК төлеу керек, яғни Т20 000 (ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша $52). Бұл орташа жалақының (Т168500) 11,99% құрайды. Шетелдік төлқұжатты дайындауға 15 күн кетеді, қосымша ақы төлесеңіз жылдамырақ ала аласыз. Ең аз дайындау уақыты - бір күн.
Салыстыру үшін – Қырғызстанда шетелдік төлқұжат үшін 530 сом төлеу керек, немесе $7,7 (яғни стандартты жағдайда шетелдік төлқұжатты дайындау құны Қазақстандағыға қарағанда жеті есе арзан). Үш сағат ішінде шетелдік төлқұжатты дайындауға 6190 сом немесе $88,7 керек. Бұл орташа жалақының 15 716 сом ($225) 3,37%-нан 39,4%-на дейін құрайды.
Өзбекстанда шетелдік төлқұжат дайындау 243 276 сом ($28) немесе орташа жалақының 1,822 млн сом ($218) 12,84%-ын құрайды.
Молдова тұрғындары 7000 лей ($395,4) болатын орташа жалақыларының 10% - 32,5% дейін бөлігіне төлқұжат дайындата алады. Яғни бір ай ішінде дайындататын болса бағасы 700 лей ($39,5) болады, 15 күнде 950 лей ($53,6) және үш сағат ішінде дайындатса 2280 ($128,8) болады. Бұл ретте Молдовада әр түрлі елдің визасын алу үшін бір мезетте қолданыстағы екі төлқұжат алуға рұқсат етілген.
Ресей Федерациясында 5 мың рубльге ($78) биометриялық шетелдік төлқұжат алуға болады немесе 2 мың рубльге ($31) ескі үлгідегі шетелдік төлқұжат алуға болады. Бұл 42550 руб.($ 670) болатын орташа жалақының 11,75% - 4,7% бөлігін құрайды
Шетелдік төлқұжат Беларусь халқы үшін бәрінен де арзан - 25,5 белорусьтық рубль ($12,75) немесе 1080,5 руб. ($540) болатын орташа жалақының 2,36%-ы. Жеті күнде жылдам дайындататын болсаңыз екі есе қымбат болады. Атап өтелік, Беларусияда жергілікті төлқұжат немесе шетелдік төлқұжат деп бөлінбейді, ішкі төлқұжат виза алуға да, алыс шетелге шығуға да рұқсат етеді.
Бұл ретте бүкіләлемдік Henley Passport Index-2019 төлқұжат рейтингінде Молдова 45-орында, оның төлқұжаты 121 елге баруға рұқсат етеді, Ресей - 47-орын (118 ел), Беларусь – 64-орын (77 ел), Қазақстан – 65-орын (76 ел), Қырғызстан – 76-орын (64 ел), Өзбекстан – 80-орын (58 ел).
Еске салсақ, 19 шілдеде белгілі болғандай, Қазақстанның ішкі істер министрлігінің мәлімдемесімен балаларға шетелдік төлқұжат рәсімдеу міндетті емес болып шықты. 2018 жылдың 10 қыркүйегінде ІІМ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін балалардың шетелдік төлқұжатын рәсімдеу міндетті деп мәлімдеген болатын. Аталмыш хабарламадан кейін көптеген шетелге шыққысы келген отбасы жаппай балаларының төлқұжатын рәсімдей бастаған. 2019 жылдың 19 шілдесінде ІІМ балаларға төлқұжат дайындау барысындағы мембаж салығын төмендету мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: