Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ – Қайта құрылған «Қазақстандық тұрақтылық қоры» (ҚТҚ) АҚ басқармасының төрағасы болып Ерболат Оспанов тағайындалды, деп мәлімдеді қордан.
«Акционерлердің 4 ақпандағы жалпы жиналысында ҚР Ұлттық банкі 2020 жылдың 5 ақпанынан бастап қор басқармасының мүшесі – басқарма төрағасы етіп Ерболат Оспановты тағайындау туралы шешім қабылдады», - делінген Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында орналасқан хабарда.
Оспанов 2017 жылдан бері «Баспана» қазақстандық ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ тәуелсіз директоры болған.
ҚТҚ жалғыз акционері Қазақстан Ұлттық банкі болып табылады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02