Қазақстандық таэквондашы Иранда бесінші «күмісті» қанжығасына байлады

Астана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Иранда таеквондодан G1 санатындағы "Fajr open" турнирінде қазақстандық таэквондашы бесінші «күмісті» иеленді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Иранның Киш аралдарында таеквондодан G1 санатындағы "Fajr open" рейтингілік турнир аяқталды. Екінші жарыс күнінде қазақстандық Нұрсұлтан Мамаев 68 келіде сынға түсіп, финалда ғана сүрінді. Нәтижесінде, турнирдің күміс жүлдегері атанды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 5 наурызда хабарланғандай, қазақстандық таэквондашылар Ирандағы Fajr Open G1 турнирінде алты медаль иемденген: «Алтынды» Смайыл Дүйсебай (87 кг) мен Айгүл Елубай (73 кг), «күмісті» – Қазыбек Бахтиярұлы, Самат Темірхан (54 кг), Абдисамат Лес (74 кг) және Айдана Еділбаева (46 кг) иеленді.

adimage