Қазақстандықтар ақпарат порталдары арқылы құқықтық ақпаратты тегін ала алатын болады

Күні: 12:40, 31-10-2014.

Астана. 31 қазан. КазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Құқық қорғау жүйесін жаңғырту бағдарламасы аясында Қазақстанның барлық құқық қорғау органдарының ғимаратында ақпарат порталдары арқылы құқықтық ақпаратқа тегін қол жетімділік қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлады ҚР бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель.

«Шара жоспары арқылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқу бағдарламасын енгізу қарастырылуда, яғни құқықтық тәрбие және білім бойынша сабақтар», - деді И. Меркель жұма күні «Қазақстандағы заң қызметтері нарығын реттеу» атты дөңгелек үстелде.  

«Сонымен қатар, осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында тұрғындардың құқықтық ақпаратқа деген тегін және еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету қарастырылуда.  Осы мақсатта құқық қорғау органдарының ғимараттарында  құқықтық ақпаратқа азаматтардың тегін қолжетімділігі  қамтамасыз етілген ақпараттық порталдарды енгізу бойынша мәселе қарастырылатын болады», - деп толықтырды ол.  

Бұған дейін хабарланғандай, 20 қаңтарда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014-2020 жылдарға арналған ҚР құқық қорғау жүйесін ары қарай жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын.  

Бағдарламаның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен еркіндігінің, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерінің  тиімді қорғалуын  қамтамасыз ету арқылы құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру.  

Бағдаралма құқық қорғау  саласындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттау мен оның саласын кеңейтуді, сондай-ақ олардың сапасын арттыру бойынша шаралар қолдануды қарастырады.. Ары қарай дамыту құқық қорғау органдарының тұрғындармен, азаматтық қоғам институтымен өзара қарым-қатынастың жаңа нормаларына қол жеткізеді.

Сонымен қатар, құқық қорғау қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруді қарастырады, соның ішінде қылмыстық қудалау органдарының жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін әзірлейді. Атап айтсақ, сот актілерін мәжбүрлеп орындатудың тиімді жүйесін құру, сот-сараптамалық қызметін бір органға шоғырландыру көзделіп отыр.    

Бағдарламаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарланған: 2014-2016 жылдар және 2017-2020 жылдар.    


Жаңалықтармен бөлісу: