Қазақстандықтарға жаңа жылдық саяхатты жоспарлау кезінде турагенттік таңдауға мұқият болу кеңес етілді

Күні: 18:59, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – ҚР ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) тұтынушылар құқығын қорғау комитеті қазақстандықтарға Жаңа жыл мен каникулдық саяхаттарды жоспарлау кезінде турагенттік таңдауға мұқият болуды кеңес етті.
«Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитеті жаңа жылдық мерекелер мен каникулдарға байланысты жақындап қалған жаңа туристік маусым қарсаңында Қазақстан азаматтарын, ел туроператорлары қауымдастығының мәліметінше, республикада жоқ рейстерге билет сататын бірнеше туристік агенттіктердің жұмыс істейтіндігінен хабардар етеді. Осыған байланысты комитет ел сыртына сапарлатып шығатын барлық азаматтарға турагенттік таңдауға мұқият болуды кеңес етеді», - делінген ҰЭМ сайтына салынған сейсенбілік хабарда.
Комитеттен сондай-ақ туристердің өздері қонақүйді немесе мейманхананың жеке сайтына тура кіру арқылы интернет-брондау жолымен таңдап, тұрақты әуе рейстерін пайдалануды жоспарлай алатындығынан хабардар етті.
«Жолдамаларын сатып алып қойған туристерге отельдегі бронның бар-жоғын оның сайтынан, сондай-ақ төленіп қойған авиабилеттің бар-жоғын әуе тасымалдаушының ақпараттық арналарынан қарап тексеріп алу артық болмайды. Туристердің кеңестемелерді орындап, саяхат сапарын жоспарлауға мұқият қарауы келеңсіз жайттардан қашып құтылуға жәрдемдеседі», - деп атап өтті комитеттен.


Жаңалықтармен бөлісу: