Қазақстандықтар карантин тәртібін бұзуды төмендетті – Бекетаев

Астана. 30 наурыз. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстандықтар карантин тәртібін бұзуды төмендетті, деді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.
«Қолға алынып жатқан шаралар, өздеріңіз де білесіздер, сенбіден бастап өз нәтижесін беруде. Біз осы брифингке дайындалу барысында бас прокуратурадан ақпарат сұрадық. Егер 28 наурызда ӘҚбК 476 бабы бойынша – карантиндік шараларды бұзу- бүкіл ел бойынша 124 адам жауапқа тартылса, 29 наурызда 33 қана адам жауапқа тартылған. Яғни көрсеткіш әлдеқайда төмендеген. Адамдар тәртіпті бұзуды азайтқан. Егер 28 наурызда 56 адам қамауға алынса, 29 наурызда олардың саны тек 18 болған», - деді Бекетаев ОКҚ дүйсенбі күні.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 294 жағдайы тіркеліп, 20-сы жазылып, бір адам көз жұмған еді.

adimage