Қазақстандықтар лазерлік тапаншадан ату бойынша әлемдегі бірінші онлайн-турнирге қатысты

Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Халықаралық заманауи көпсайыс одағы (UIPM) лазерлік тапаншадан атудан әлемде бірінші онлайн-жарысын өткізді, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Жарыстың бірінші раундына 35 елден 256 спортшы қатысты. Келесі кезеңге өту үшін атлеттер төрт серияда жеңіске жетулері керек болатын. Бұл ретте жеңілгендер турнирден шығып отырды. Өкінішке орай финалға қазақстандықтар Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко шыға алмады. Ильяшенко Ауғанстаннан қатысқан Шабану Султаниге, ал Потапенко Ұлыбританиядан қатысқан Клементине Купреге есесін жіберіп алды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, финал 9 қыркүйекте өтеді.

adimage