Қазақстандықтар Лондон орталығына ақылы кіруді бұзушы шетелдіктер ондығына кірді

Алматы. 26 ақпан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстандықтар Лондон орталығына ақылы кіруді бұзушы шетелдіктер ондығына кірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Британдық парламент сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, елшілік пен Қазақстанның халықаралық ұйымдары британдық елорданың орталығына ақылы кіру нормасын 26 717 рет бұзып, £3,358 млн. қарыз болған – бұзушылар рейтингінде қазақстандықтар 10-орында тұр.
Ең сорақы бұзушылар америкалықтар болып шықты (102 255 рет, £12,447 млн). Ары қарай жапондықтар (69 690 рет, £8,511 млн), нигериялықтар (58 102 рет, £7,064 млн), үнділер (47 654 рет, £6,010 млн), ресейліктер (48 535 раз, £5,722 млн), қытайлықтар (38 528 рет, £5,052 млн), немістер (37 275 рет, £4,373 млн), поляктар(35 020 рет, £4,346 млн).
Ең тәртіптілер мавританиялықтар (1 060 рет, £115,17 мың), албаниялықтар (839 рет, £108,8 мың) және молдовалықтар (876 рет, £106,6 мың).
Британдық парламенттің есебі 2003 жылдың ақпанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықты қамтиды, алайда енді ғана жарияланған.

adimage