Қазақстандықтар мүлік салығы бойынша Т3 млрд қарыз

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2021 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінен.
2021 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: мүлік салығы бойынша – 2,9 млрд. теңге (756 мың борышкер); жер салығы бойынша – 0,3 млрд. теңге (159 мың борышкер), делінген жұма күні таратылған хабарда.
2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталды, содан кейін салық органдары борышкерлерге салық берешегі туралы хабарлама жіберген болатын.
Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (2917 теңге) мөлшерінде салық берешегі төленбеген жағдайда, салық органы салық бұйрығын шығарады.
Сонымен бірге, шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін өндіріп алатынын ескерген жөн.
Борышкерлердің саны ең көп қалалардың көшін бастап тұрғандар: Шымкент қаласы – 602,5 млн. теңге жалпы берешегі бар 65 мың жеке тұлға, Алматы қаласы – 628,6 млн. теңге жалпы берешегі бар 58 мың жеке тұлға және Нұр-Сұлтан қаласы – 438,1 млн. теңге жалпы берешегі бар 38 мың жеке тұлға.
1 АЕК = Т2917.

adimage