Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда өткен волейболдан Азия чемпионатында австралиялықтарды жеңді

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда өткен волейболдан Азия чемпионатында австралиялықтарды жеңді, деп хабарлады жексенбі күні ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін, 19 тамызда, Оңтүстік Кореяда әйелдер командасы арасында волейболдан Азия чемпионаты басталды. Қазақстандық спортшылар құрлықтық турнирді жеңіспен бастады. Бірінші матчты біздің волейболшылар Австралиямен кездесуден бастады. Ойын 3:0 есебімен Қазақстанның жеңісімен аяқталды», - деп хабарлады жексенбіде ҰОК.
Хабарда атап өтілгендей, қазақстандықтар В тобына өткен, ол топта Австралиядан басқа Жапония мен Үндістан да бар.
«Келесі матчта Жапониямен кездеседі. Ол 19 тамызда өтеді. Құрлықтық біріншілік 25 тамызға дейін жалғасады», - делінген хабарда.


adimage