Қазақстандықтар отандық театр премьераларының орнына музыка мен киноны қалайды, деп санайды сарапшылар

Күні: 13:47, 30-10-2014.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстандықтар отандық театр премьераларының орнына музыка мен киноны қалайды, деп санайды Еуразиялық интеграция институтының директоры   Жанаргүл Құсманғалиева.

«Қазақстандықтардың өзекті мәдени қажеттіліктерін талдай келе, мәдени - бос уақыт   саласында музыкалық бағыттың танымал екенін атап өткен жөн. Сұралғандардың  85%-ы белгілі бір жиілікте қазақстандық орындаушыларды тыңдайтынын айтса, 15%-ы оған қызықпайды екен», - деді Ж.Құсманғалиева бейсенбідегі мәжілісте «Мәдениет туралы» заңның түзетулерін талқылау барысында.

Ол түсіндіріп өткендей, бүгінде Қзаақстанда жалпы әлемдік мәдениетке тән үдерісті байқауға болады, яғни жоғары мәдениеттің театр, әдебиет, көркем сурет секілді бағыттарын заманауи бұқаралық мәдениет, поп - музыка, кинематография және топтамалар ысырып барады.  

«Қазақстандықтар арасында отандық өндірушілердің кинолары да танымалдылыққа ие болып шықты. Оларды белгілі бір жиілікте сұралғандардың 83%-ы қараса, 16%-ы мүлдем қарамаған.  Бұл ретте көрермендер арасында қазақстандық топтамалардың да сұранысқа ие екенін  айта кеткен жөн. Қазақстанда өнер мен мәдениеттің түрлі бағыттары арасында қазақстандық әдебиетке, көркем суретке, фотоөнеріне, театр қойылымдарына, кітапханалар мен мұражайларға қызығушылар аз», - деді ол.  

Ж. Құсманғалиева «сұралғандардың жартысынан көбі қазақстандық авторлардың кітаптарын мүлдем оқымағанын» мысалға келтірді.  

«58%-ы мүлдем мұражайға бармаса, 69%-ы мүлдем қазақстандық авторлардың театр қойылымдарында болмаған», - деп түсіндірді директор.  

Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы маңызды сұрақтың бірі - жаһанданудың мәдениет саласына әсері.  

«Сауалнамға қатысқан қазақстандықтардың  70%-ы қазақстандық мәдениеттің бүгінгі таңда өзінің бірегейлігі мен ерекшелігін сақтап қалған деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 1/3-і оның ерекшелігі елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт мәдениетінің үйлесім табуында деп ойлайды. Ал қалғаны қазақстандық мәдениет бүгінде жаһандану ықпалына ұшырап жатыр деп есептейді. Мысалы, қазақстандық медениетті ақырындап әлемдік мәдениет жұтып жатыр және оған батыс құндылықтары мен стандарттары ықпал етуде деген пікірді ұстанушылар саны   шамамен 17%», - деді ол.

Бұл ретте оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың 2/3 музыка өнімдерінің барынша сұранысқа ие екенін айтса, біразы қазақстандық кинематографияны дамытқан жөн деп санайды.  

«Тұрғындардың пікірі бойынша кезек күттірмей дамыту керек бағыттар бестігіне Қазақстан халқының ұлттық қол өнері, қазақстандық театр, отандық цирк, қазақстандық әдебиет кірген», - деді ол.

Ж. Құсманғалиева барлық мәліметтердің жалпыұлттық таңдау бойынша парламент мәжілісі депутаттар тобының бастамасымен өткізілген әлеуметтік зерттеу аясында алынғанын айтты.  Сауалнамаға 18 жастан жоғары қалалық және ауылдық жерде тұратын 1 мың 200 қазақстандық қатысқан.  


Жаңалықтармен бөлісу: