Қазақстандықтар тегін өзгерту туралы қайталама куәлікке онлайн арқылы өтінім бере алады

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстандықтар мобильді қосымша көмегімен атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш бере алады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен.
Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ mGov қосымшасы арқылы «Электрондық үкімет» порталының 12 қосымша қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, мобильді қосымшаның көмегімен азаматтарға келесі қызметтер қолжетімді: наркологиялық диспансерден анықтамалар; психоневрологиялық диспансерден анықтамалар; туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар; некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру; әке болуды анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру; атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру; некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру; Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу; жүргізуші куәлігін алу; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру.
«Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады (ол үшін Мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет)», - делінген хабарда.

adimage