Қазақстандықтар Тоқаевпен жеке кездесу үшін оның сайлауалды штабында түнемек

Күні: 19:43, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов/Согдияна Идрисова. Қазақстандықтар президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке кездесу үшін оның сайлауалды штабында түнемек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
70-ке жуық адам бүгін презденттікке кандидат Тоқаевпен жекелей кездесу үшін оның елордадағы штабына келді, ол туралы оның өзіне де ертерек мәлімдеген көрінеді.
«Біз президенттің виртуалды қабылдау бөліміне Ақорда сайты арқылы хабарлама жолдадық. Хабарламада былай жазылған: «Сізден электоратпен кездесуіңізді сұраймыз, сот жүйесіне қатысты сұрақтар қойғымыз келеді» (жиналғандардың барлығының қолында заңсыз сот шешімдері бар). Ол сұрақтарды президенттікке кандидаттың өзіне тікелей қойғымыз келеді, қандай шаралар қолданылатыны туралы ол өзі жауап беру үшін. Алайда бүгінгі таңға дейін оның бас тартатыны, не болмаса келмейтіні туралы ешқандай хабарлама болған жоқ, әлбетте біз Тоқаев келіп, бізбен кездеседі деп үміттендік», - деп мәлімдеді жиналғандар атынан «Наше право» партиясының құрылтайшысы Санавар Закирова.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, президенттікке кандидатқа жазылған хат виртуалды қабылдау бөлімінде тіркелген, ол ҚР бас прокуратурасына қайта жолданған.
«Бірақ бас прокуратура президенттікке кандидаттың сенімді тұлғасы болып табылмайды. Ол кездесуге президенттікке кандидаттың келетінін, не келмейтініне қалай жауап береді. Оның сенімді тұлғалары бар, олар президент атынан хат жазысып отыр. Сондықтан да біз штабқа келдік», - деді Закирова.
Жиналғандарды президенттікке кандидат Тоқаевтың қоғамдық штабының қоғамдық қабылдауының меңгерушісі Арыстанғали Сансызбаев қарсы алды.
«Өтініш түсті, бірақ ол жерде нақты күні көрсетілмеген. Ешкім күнін белгілеген жоқ. Адамдар өздері жиналып, бүгін оларды Тоқаев қабылдау керек деп шешті. Мемлекет басшысы үгіт-насихат кампаниясына өзінің қатысуын шектеп қойды. Бүгін ол бұл туралы мүлдем білмейді де, ол жұмыс сапарымен жүр, кеше Таразда болды, бүгін Атырау облысында сияқты. Мен кандидаттың қоғамдық штабының өкілімін және жиналағандардың прокуратура мен Жоғары сот бойынша талаптарын басшылыққа жеткізуге дайынмын», - деді ол.
Өз кезегінде Nur Otan партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары Мәди Оспанов президенттікке кандидат Тоқаевтың бүгін штабта не болып жатқанынан хабардар екеніне үміт артты.
«Менің түсінуімше, осы жерден әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім жүріп жатыр. Сондықтан, мемлекет басшысы менің ойымша, 70-ке жуық адамның оның сайлауалды штабына келгенін, сот шешімдеріне қатысты келіспеушіліктеріңіздің барын біледі. Ал жалпы, ешкім сіздерге бүгін президенттікке кандидат сайлаушылармен кездесуге келеді деп уәде берген жоқ», - деді Оспанов.
Сонымен қатар ол Nur Otan партиясының «сот шешімдерінің объективті болуына мүдделі» екенін жеткізді. Барлығына жазбаша түрде өтініш жазуларын, сосын ол құзырлы органдарға жолданатынын, сондай-ақ бас прокуратураның жауапты қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыратындарын жетізді.
Алайда жиналғандарың жартысына жуығы кандидат Тоқаевпен жеке кездеспейінше осында түнеуге, тіпті партия штабында тұруға да дайын екендерін жеткізді.


Жаңалықтармен бөлісу: