Қазақстандықтар Қырғызстан тауларында ауыр жарақат алды

Күні: 12:13, 01-02-2019.

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның екі азаматы Бішкек маңындағы тауда ауыр жарақат алды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінен.
«2019 жылдың 23 қаңтарында Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілік бөліміне ҚР азаматшысы досымен бірге Бішкек қаласы маңында демалып жүріп қиындыққа тап болған құрбысына көмектесуін өтініп жүгінген», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, жағдайды нақтылау барысында белгілі болғаны ҚР азаамты болып табылатын екі жас бала Қырғызстанға достарына қыдырып барған. Сол күні Бішкек қ. Ысықата ауылынан қайтып келе жатып, таудан сырғанаған. Алайда үрлемелі баллонмен жыраға сәтсіз құлауларынан ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. ҚР азаматтарына қажет ем Бішкектегі травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында көрсетілді.
«ҚР СІМ ықпалымен құзырлы органдармен бірге науқастарды Қазақстанға тасымалдау мәселесі жедел қарастырылды. 2019 жылдың 30 қаңтарында олар «ҚР Республикалық санитарлық авиация орталығының» (РСАО) арнайы бортымен Астана қаласына жеткізілді. Біздің елші Бішкектен шығар кездегі шекаралық бақылаудың, тексерудің, барлық қжаттардың рәсімделуін, ұшақ бортына арнайы көліктің (жедел-жәрдем көлігі) келуінің кедергісіз өтуіне ықпал етті», - делінген баспасөз парақшасында.
РСАО ақпарынша, науқастар ары қарай Астана қ. №1 ауруханасында және Астана қ. травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында емделетін болады.
«ҚР СІМ шетелде жүрген Қазақстан азаматтарынан демалыс кезінде барынша сақ болуларын және төтенше жағдай туындаған кезде бірден шетелдегі ҚР дипломатиялық өкілдігіне қажетті көмек көрсету үшін хабарласуларын сұрайды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: