Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтарда Тайландқа визасыз бара алады

Күні: 16:39, 07-11-2018.

Алматы. 7 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтарда Тайландқа визасыз бара алады, деп хабарлады BangkokPost.
«Таиландтың министрлер кабинеті сейсенбіде туризм индустриясының дамуына қажетті серпінді беру үшін 21 елдің азаматтарына келгендері үшін визаға төлем жасаудан екі айға бас тарту туралы ұсынысты мақұлдады», - деп хабарлады басылым.
Бұл ретте хабарланғандай,  2 мың бат көлеміндегі визалық алым 1 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында 15 күннен көп болмайтын шетел азаматтарынан алынбайды.  
Басылым ақпарынша, визалық алым мына елдердің азаматтарынан алынбайды:  Андора, Болгария, Бутан, Қытай, Кипр, Эфиопия, Фиджи, Үндістан, Қазақстан, Латвия, Литва, Мальдивия Аралдары, Мальта, Маврикия, Папуа-Жаңа Гвинея, Румыния, Сан-Марино, Сауд  Арабиясы, Тайвань, Украина мен Өзбекстан.
Таиландтың иммиграциялық бюросының ақпарынша,  виза алуға жүгінетін туристер саны 2016 жылдың қаңтарынан бері үнемі қысқарып келеді және үкімет бұл жағдайды жақсартудың  амалын қарастыруда.  
«Елге келетіндерден визалық алым алудан бас тарту туристік саланы ынталандыратын болады, елге көптеген шетелдік қонақтарды тартады, туризмнен түсетін кірісті арттырады.  Туристер саны кем дегенде  30% өседі», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Алайда осы жылдың алғашқы тоғыз айында  28,54 млн шетелдік келуші болған, бұл былтырғыға қарағанда   8,7% артық.  


Жаңалықтармен бөлісу: