Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор Асхат Дауылбаев пен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.
«Осы заңды қабылдау кезінде мен ешкімге жеңілдік болмайтынын және ешкім де жазадан құтылмайтынын айтып, бүкіл халыққа мәлімдеме жасадым. Мемлекет тиімді басқарушыларды тәрбиелеп шығару үшін көп уақыт пен қаражат шығындайды. Ал олар сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берсе, жұмсалған сол барлық күш-жігер мен шығын босқа кеткен болып шығады. Халық осыны түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске мүдделі болғаны жөн», – деген Н. Назарбаевтың дәйексөздерін келтіреді Ақорда сайты дүйсенбідегі хабарында.
Оның айтуынша, қазақстандықтар арасында «бұл мәселеге немқұрайлы қарайтындар болмауы тиіс».
«Ең бастысы, жұртшылық жемқорлық көріністеріне төзбей, ол жөнінде хабарлап, сол бойынша ілкімді шаралар қабылдануы керек», - деп толықтырды ол.
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған партияның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының аясында жұмыстардың күшейтілу маңыздылығын атап өтті.
Н. Назарбаев мемлекеттік қызметшілер жұмысын мінсіз әрі адал атқаруы үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.
«Бүгінде олар материалдық және әлеуметтік кепілдіктермен қамтылған, сондықтан біз олардан адал қызметтің үлгісін көрсетіп, заңнаманы сақтауды талап етуге құқылымыз. Бұл, әсіресе, елімізде мемлекеттен орасан қаражат бөлініп, «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру жөнінде ауқымды жұмыс жүріп жатқан қазіргідей кезеңде айрықша өзекті. Сондықтан Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жұмыс істеген жөн», – деді мемлекет басшысы.
Президент кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның СІМ Қытаймен визасыз режим екі-үш айда күшіне енеді деп күтуде29 Мамыр 2023, 19:31
-
Туған қыздарын зорлады деген күдікпен ер адам Алматы облысында қамауға алынды29 Мамыр 2023, 19:20