Қазақстандықтардың 25%-ы азаматтық некені қолдайды

    Астана.1 ақпан.ҚазТАГ- Қазақстандықтардың 25%-ы азаматтық некені қолдайды , делінген «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасында.
   «Орта есеппен барлық жастағы қазақстандықтардың шамамен 25%-ы азаматтық некеге оң көзқарас танытты, ал 30%-дан астамы оған бейтарап ұстаныммен қарайды. Азаматтық некені респонденттердің 32,8%-ы қолдамайды» , - деді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
   Сонымен қатар, ұлттық баяндамада балалармен бірге үнемі уақыт өткізу көрсеткіші әйелдерде – 44,5%, ерлерде – 25,6% деп жазылған.

adimage