Қазақстандықтардың 90%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Күні: 12:39, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстандықтардың 90%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
«Ел бойынша халықтың 90,2 пайызы немесе 16,5 млн адам орталықтандырылған сумен жабдықталған. Қалаларда 10 млн (10,6 млн адамның) адам орталықтандырылған сумен қамтылған. Бұл қала халқының 94,5 пайызын құрайды. Ауылдарда орталық сумен 6,5 млн адам немесе 84,4 пайызы қамтылған. Бұл ретте, басқа ауылдар жергілікті су көздерін пайдаланады», - деді Скляр сейсенбідегі үкімет отырысында.
ИИДМ жоспары бойынша, 2023 жылы халықтың 100 пайызын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Ауылдарды сумен қамту жайлы айта келе, Скляр кепілді сапа және көлемдегі ауыз сумен қамтудың екі тәсілі барын атап өтті.
«Халқының саны 200 адамнан аз шағын ауылдарды санитарлық нормаларға сәйкес келетін ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында суды тазартатын кешенді блок-модульдер орнату қажет. Бұл 1333 ауылды сумен қамтуға мүмкіндік береді. Тұрғындары 200 адамнан көп 1274 ауыл орталық су құбырларымен қамтылатын болады. Осылайша 2607 ауылда тұратын 1,2 млн адам санитарлық нормаларға сәйкес келетін сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі», - деп санайды министр.
Сонымен қатар ИИДМ ауылдарды ауыз сумен қамту қызметін толығымен ҚР ауыл шаруашылық министрлігіне (АШМ) беру қажет деп санайды.


Жаңалықтармен бөлісу: