Қазақстандықтардың зейнеткерлікті немесе мүгедектікті рәсімдеу туралы өтінімдері онлайн қаралатын болады

Алматы. 8 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Төтенше жағдай кезінде зейнеткерлікті немесе мүгедектікті онлайн түрінде рәсімдеуге болады, деді Алматы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы Айданжан Нарматов.
«Еер сіз қазір мүгедектікті рәсімдеуіңіз керек болса немесе зейнетке шығатын уақытыңыз келген болса, онда сіз барлық құжатыңызды электронды үкімет сайтында электронды өтінім арқылы электронды түрде жібере аласыз. Оларды комиссия қарайтын болады», - деді Нарматов сәрсенбідегі брифингте.
Ол мүгедектік, әдеттегідей бір жылға берілетінін, бірақ уәкілетті орган алты айдан кейін тексеріс жүргізе алатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 709 жағдайы тіркеліп, 53-і жазылып, жеті адам көз жұмды.

adimage