Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексикада ATP Challenger турнирінде жеңіске жетті

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексикада ATP Challenger турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық теннисші Александр Бублик мексикалық Монтеррееде ATP Challenger сериясының турнирінде жеңімпаз атанды. 8 сәуір күні ертеңгісін өткен финалдық матчта біздің спортшы эквадорлық Эмилио Гомесопен кездесті. Бублик еш қиналмастан жеңіске қол жеткізді. Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды», - деп хабарлады дүйсенбіде ҰОК-нен.
Еске салсақ, Бублик ATP Challenger жартылай финалына жолдама алу үшін күресте испандық Фелисиано Лопесті 7:6 (5) және 6:3 есебімен жеңген болатын, ал жартылай финалда қазақстандық америкалық Теннис Сандгренді 2:6, 6:2, 7:6 есебімен жеңді.

adimage