Қазақстандық теннисші Данилина АҚШ-тағы турнирде жұптық разрядта жеңіске жетті

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тағы турнирде жұптық разрядта жеңіске жетті, деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Америкадағы Чарльстонда сыйлық қоры $60 мыңды құрайтын ITF World Tennis Tour сериясының турнирі аяқталды. Қазақстан атынан аталмыш жарысқа 23 жасар Анна Данилина қатысты. (…) Жұптық разрядта Анна Данилина финалға дейін барды, және 21 жасар америкалық Ингрид Нилмен жұптаса отырып, турнир жеңімпазы атанды. Негізгі матчта қыздар черногориялық Владика Бабич пен АҚШ-тан келген Кэйтлин Хурескиді 6:1, 6:1 есебімен жеңді», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, жекелей разряд бойынша ширек финалда Данилина Колумбиядан келген Мария-Камила Серраноға есесін жіберіп алды.
«Олардың үш желілік матчы 6:7 (3), 6:4, 7:5 есебімен колумбиялықтың пайдасына шешілді», - делінген хабарда.

adimage