Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконгтағы ITF Futures халықаралық турнирінде жеңімпаз болды

Күні: 15:38, 29-12-2018.

Алматы. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконгтағы ITF Futures халықаралық турнирінде жеңімпаз болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконг қаласында жалпы жүлде қоры 25 мың долларды құраған ITF Futures сериялы жарысында жеңімпаз атанды. Жарыстың ақтық кезеңінде Денис Евсеев табан тірескен күресте қытайлық спортшы Ксин Гаоны 6:4, 1:6 және 6:4 есебімен ұтты. Матч екі сағат, екі минутқа созылды», - делінген хабарда.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Таиланд теннисшісі Вишай Тронгчаронкулды 4:6,7:6(2),6:4 есебімен ұтқан. Жарыстың екінші айналымында Евсеев жапондық Жампей Ямасакиді 6:3,7:5 есебімен жеңді. Жарыстың старттық матчында Денис Гонконг теннисшісі Чагу Ламуды 6:1, 2:6, 6:3 есебімен жеңіп алды.
«Қазақстандық теннисші үшін бұл мансабында ITF Futures сериясының жеке разрядтағы алтыншы титулы», - делінген федерация хабарында.


Жаңалықтармен бөлісу: