Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстандық теннисші Дияс АҚШ-тағы халықаралық турнирде Серена Уильямсқа қарсы шығады
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тағы халықаралық турнирде Серена Уильямсқа қарсы шығады, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Мейсонда (Огайо штаты) өтіп жатқан Cincinnati Masters халықаралық теннис турнирінде іріктеу кезеңі аяқталды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстанды АҚШ-та Зарина Дияс таныстыратын болады. (…) Қазақстандық теннисші Америкалық қарсыласын жеңіп, іріктеу кезеңінен өтті. Тартысты және ауыр матчта Дияс 6:7, 7:6, 6:4 есебімен Джессика Пулды жеңді. Турнирдің негізгі ойынының бірінші айналымында Дияс дара және жұптық әйелдер санатында төрт дүркін олимпиада чемпионы Серена Уильямспен кездеседі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Михаил Кукушкин негізгі айналымға бір қадам қалғанда турнирден шығып қалды.
«Іріктеу кезеңінде қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин үш айналымда да Ресейден келген Андрей Рублевтен жеңілді – 6:3, 4:6, 3:6», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58