Қазақстандық теннисші Воскобоева «Уимблдонның» екінші айналымына шықты

Күні: 11:03, 04-07-2019.

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ - Қазақстандық теннисші Воскобоева «Уимблдонның» екінші айналымына шықты, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық Галина Воскобоева жұптық санатта «Уимблдон-2019» теннис турнирінің бірінші айналымын бағындырды. Воскобоева Румыниядан келген Сорана Крыстпен бірге Иден Сильва/Сара Бет Грей (екеуі де Ұлыбританиядан) жұбын оңай жеңді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, матч екі сетке созылған, қорытынды есеп – 6:0, 6:3.
.


Жаңалықтармен бөлісу: