Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Норвегияның арктикалық жарысында жеңіске жетті

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Норвегияның арктикалық жарысында жеңіске жетті, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко «Норвегияның арктикалық жарысында» топ жарды. Ол франциялық велошабандозды артта қалдырды», - деп хабарлады дүйсенбіде ҰОК-нен.
Жарыс жолы Ледингеннен Нарвикаға дейінгі аралықты құраған.
«Жарыс жолының ара қашықтығы 165,5 шақырымды құрады. Соңғы кезеңде норвегиялық Маркус Хельгаард жеңіске жетсе, екінші орынды оның отандасы Амунд Грёндаль Янсен иеленген. Ал Луценко мәреге үшінші болып келді. Осылайша Луценко төрт күнге созылған жарыс топ жарып, өзінің басты қарсыласынан озды. Екінші орында Team Arkea Samsic мүшесі, француз Варран Баргий. Israel Cycling Academy мүшесі Кристс Нейландс үздік үштікті қорытындылады», - деп нақтылады ҰОК-нен.

adimage