Қазақстандық велоспортшы Светлана Пащенко Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды

Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық велоспортшы Светлана Пащенко Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық Светлана Пащенко тректегі велоспорттан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола медалін жеңіп алды. Ол Өзбекстанның екі өкілін алға жіберіп, топтық жарыста үшінші орынға ие болды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Мультиспорттық турнир осы күндері Коньеде (Түркия) өтіп жатыр.

adimage