Астана. 12 тамыз.ҚазТАГ- Қазақстандық жүк жеткізушілері Wildberries ресейлік компаниясы еңбекақыларын төлемей отыр деп шағымдануда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Біз 2024 жылдың сәуір айынан бері жалақымызды ала алмай отырмыз. Бізде 13 ЖК, және 13 көлік бар. Бізге шілденің аяғына дейін еңбек қарызын төлеп бітіреміз деді. Алайда ешқандай нәтиже жоқ. Екі адамның жалақысын толық төледі. Ал қалған 12 жүргізуші еңбекақысын күтіп отыр. Әрбір жүргізушінің жеке кәсіпкерлігі ашылған. Олардың барлығы салық төлейді. Сондықтан компанияның өкілдерін бізге жалақымызды төлеуге міндеттелгенін қалаймыз. Тағы бір топқа 20 млн теңге қарыз. Жалпы 11 және 7 адамнан тұратын екі топқа 30 млн теңге қарыз болып отыр»,- деді жүргізушілердің біреуі бейнежазбада.
«Логистикалық компаниялардың міндеттемелерін орындамауы әсерінен тауар жеткізу кешігеді. Wildberries
жағдайды тезірек шешу үшін бар күшін салуда.
Келісімді бұзған компаниялармен маркетплейс біржақты тәртіппен ынтымақтастықты тоқтатуға немесе шартта тараптардың жауапкершілігінде белгіленген бірқатар басқа санкцияларды қолдануға құқылы», – деп түсіндірген ҚазТАГ агенттігіне маркетплейс өкілдері.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Оқу-ағарту министрі қабылдады
13 Қыркүйек 2024, 17:00 -
Қазақстанның ҰҚК қырғыз көкпаршысына қысым жасалғанын жоққа шығарды
13 Қыркүйек 2024, 16:51 -
Оралда алкомаркеттен 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді
13 Қыркүйек 2024, 16:40 -
Елімізде тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы айқындалды
13 Қыркүйек 2024, 16:26